Сихаев Айдархан

Сихаев Айдархан

Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты(1981) 12. 05. 1960 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Қызыл Тал ауылында туған. 1982 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық институтының көркем -сурет графика факультетін бітірген. 1983 жылы Қазақ ССР жас суретшілер одағының мүшесі. 1989 жылы СССР суретшілер одағының мүшесі. 1994 жылы В.И. Ленин атындағы Москва мемлекеттік педагогикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы. Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің доценті. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Ә. Қастеев атындағы «Озық шығармашылығы үшін» медалімен марапатталды. 2016 жылғы Президенттің жолдауында алғашқы жарияланған « 100-қадам, 100-табыс тарихы» туралы бағдарлама бойынша, мәдениет саласы жағынан республикамыздағы табысты жүз жеке тұлғаның бірі. 2018 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

Расскажите друзьям:

Произведения автора: